Гимн "Жас ұлан"

 

1.Біз ұланы қазақ елінің 

Туған жерін, сүйген Отанын. 

Әке жолын, ана мейірімін, 

Бойға жиған қасиетін. 

Қайырмасы: 

Жас ұлан, қалыспа! 

Қырандай қарышта. 

Еліміздің абройын 

Асқақтатып әлемге 

Нық ұстайық байрағын!

 2.Көп білуге ұмтыламыз 

Өнер, білім, ғылымға. 

Кеудемізде ар мен намыс 

Жетелейді бізді алға.