Дәрумендер – денсаулық кепілі тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Дәрумендер – денсаулық кепілі»
Мақсаты: оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: көкөніске толы себет, газет «Денсаулық және көкөніс»
Барысы:
Мұғалім: – Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және натуралистер!
«Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Елбасымыз «Білімді ұрпақ – болашақ» деген. «Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің түні жарық» демекші сөз кезегін «Көкөніс өсіру» үйірмесінің оқушыларына берелік.
1 – оқушы: – Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.
Асқабақ: – Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін.
2 – оқушы: Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас – тамақ,
Оның аты – асқабақ.
Домалаған дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге дейін бақшада,
Суық түсе жинайды.
Орамжапырақ келеді
Дәмді болсын десең
Орамжапырақты егер,
Жаздай суар оны,
Жатпасын шөлдеп бекер.
Орамжапырақ та сенің
Еңбегіңді өтер.
Орамжапырақ: – Сен керемет емессің, бірақта мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін.
Асқабақ: – Онда неге сені бұлай атаған?
Орамжапырақ: – Ежелгі египеттіктер мені қатты жақсы көрген. Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап қойып, тағамға қажеттті дәрумендерім үшін қолданады. Сондықтан мен керемет көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр сияқты кішкентай емеспін.
Қияр келеді.
Қияр: – сопақшы көк өңім бар,
Пайдалы, мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жиярсың,
Менің атым – қиярмын.
Қазір ұзын сабағым
Жан – жағыма тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
– Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектесемін. Және қазіргі кезде косметикаға да қолданады.
Қызанақ келеді.
Қызанақ: – Немене бәрің оны ренжіте беречіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын.
Асқабақ: – сен де мақтанғың келіп тұр ма?
Қызанақ: – Жо – жоқ, мен өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын. Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды.
Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып – қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.
Картоп келеді.
Картоп: – Әй, қойыңдар! Адамның екінші наны атансақта көкірегімізді кермей – ақ тып – тыныш жатырмыз ғой!
Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың:
Мен екінші нанмын!
– Мені ең алғаш 1537 жылы білді. Голландияның І Петр 1700 жылы шамасында
Ресейге әкелінді. Құрамымда 14 – 24 % крахмал бар. 200 – ге жуық әртүрлі тағам әзірленді. Мені де әртүрлі атайды. Отаным – Оңтүстік Америка.
Қызыл бұрыш: – ой, картоп, мен білмегем ғой, екеуміз жерлес екенбіз ғой. Мен де Оңтүстік Америкаданмын. Мені Христофор Колумб әкелді. Дәрумендерге өте баймын. Егер көкөністер арасынан жарыс өтсе, мен чемпион атағын алушы едім. Біреуін каротин үшін, енді біреуін А дәрумені үшін алар едім, өйткені ол тері аураларына пайдалы, менде де С дәрумені бар. Егер де кімде – кім мені тағамға пайдаланса, ол адам көп өмір сүреді.
Сарымсақ: – егер бұрыш өзін өте пайдалымын, бәріне қажеттімін десе, онда мен туралы айтып керегі де жоқ.
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
– Өзіме тән иісім бар, құрамымда 20 – 27 % полисахарид, нәруыз 7 – 28 %, С дәрумені бар. Бактерияларды жойып жіберетін эфир майын медицинада қолданады. Қшпа зат, фитоцидтер де бар. Сондықтан жұқпалы аураларға қарсы апйдаланады.
Бұрыш: – Сенің Отаның қай жер?
Сарымсақ: – Азияда тудым. Бірақ Еуропа мен Африкада тқрамын. Орта ғасырларда батырлар мені кеуделеріне тұмар ғып тағып жүрген. Өйткені мен әртүрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін.
Пияз келеді де сарымсақтың қасына тұрады.
Асқабақ: – Сен неге сарымсақтың қасына тұрасың? Сендер доссыңдар ма?
Пияз: – Біз дос қана емеспіз, ағайындымыз. Мені Біздің дәуірімізге шейін білген. Ежелгі Римде солдаттарға батырлық пен күш береді деп есептеген. Әртүрлі аураларға, тұмауға, тіс ауырғанда, чума ауруына қарсы пайдаланып, емделген. Мысырлықтар тәңір жаратқан өсімдік деп ерекше қастерлеген.
Қияр: – Сен неменеге қып – қызыл болып ісініп тұрсың? Өзің туралы ештеңе айта алмай қялып тұрсың ба?
Қызылша: – Жерорта теңізінде дүниеге келдім. Қызылшаның да әртүрлісі болады. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінің жағалауында, Индия мен Қытайда кездеседі.
Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф қызылша құрамында қант барын тапқан. 1799 жылы Фрац Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алған. Қдан әрі Ресейге қткізді. Мен қазіргі уақытта 3 – орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланады.
Сәбіз: – Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.
Сәбіздің мәдени дақылдарға жатқызылуы – біздің заманымызға дейінгі 2000 – 1000 жылы. Отаным – Жерорта теңізі, одан ол барлық жерлерге таратыла бастады. Құрамы дәрумендер – витаминдерге өте бай. А, В, С, К, Д, Е, сонымен қоса микроәлементтер де бар, кобальт, темір, йод, мысқа да бай. Садат жасауға, тағамдарға пайдаланады.
Баклажан: – Менің отаным – Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болған. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген баклажанды арабтар тіс ауырғанда басып емдеген. Еуропаға VI ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. Қазір мені әртүрлі тағамдарға қолданады. Құрамымда нәруыз, май, кальций, фосфор, темір және тұздар бар.
Медицинада бауыр ауырғанда қан құрамындағы зиянды холестеринді азайту үшін қолданады. Оңтүстік Қазақстан облысында мол өсіріледі.
Петрушка: – Мен Испанияда тудым. Ежелгі Египетте мені танып біле бастады. Ол жақта жамандықтың рәмізі деп атаған. т себет толған петрушка болса және оны қарсы кездестіргенде адамдар жамандық шақырады деген екен.
Аскөк: – Жап – жасыл шөпке ұқсаған,
Аскөктің сабағын жейсің.
Ол қосылған салат, тамақтың,
«Дәмдісін – ай» дейсің.
– Біз екеуміз туыспыз, бірақ бақшаға әртүрлі жолмен келеміз. Көкөніс қатарына оңай қосылған жоқпын. Орта ғасырда мен сондай қажетті дәрілік өсімдік бола бастадым, сосын бүйрек ауырғанда, сарыауруға пайдаланды. Қазіргі кезде бәріне белгілімін.
4 – оқушы: – Көкөністер айтысы ұзаққа созылды. Біреуі «тәттімін», біреуі «өте қажеттімін» десе, енді біреуі «емдік қасиетім бар, сондай пайдалымын» деп жатыр.
Бақша иесі келіп көкөністерді жинауға кірісті.
5 – оқушы: – Барлығың да демдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!
Ән: «Дастархан»
Мұғалім: – «Бірінші байлық – денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін! Кешімізді әртүрлі сайыстармен жалғастырамыз.
1 «Жұмбақтар» сайысы
2 «Сурет» сайысы
3 «Кім көп ойлап табады?» сайысы (Көкөністерді ұстап атын айтқызу, көзі байлану керек.)
Әрбір дұрыс жауапқа көкөністер суреті бар жетондар таратылады. Жеңімпаздарды соңында сыйлықтар беріп құттықтайды
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!