"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқу жылы  № 5 педагогикалық кеңес ХАТТАМАСЫ

2022-2023 оқу жылы 

5 педагогикалық кеңес

ХАТТАМАСЫ

 

Өткізілген орны: «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы

                            бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының   

                            мектеп-балабақшасы» КММ

Өткізілген уақыты: 30.05.2023 ж

Қатысқандар саны 30 (тізімі келтірілді)

 

                    КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР:

 

1.  № 5 кеңес қаулыларының орындалуы туралы.

 

2. Оқу жылының аяқталуы туралы. ДОІЖО

 

А) Оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстыру

 

Ә) Қорытынды емтиханға жіберу және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы.

 

Б) «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі, марапатталуы

 

3.  Жазғы лагердің ұйымдастырылуы

 

4. Әртүрлі мәселелер

 

А) Болжалды еңбекпен қамту жұмыстары

 

Ә) Педагогтарды тамыз кеңесіне марапаттауға ұсыну

 

І Тыңдалды

 

Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша мектеп директоры А. Хажат сөз алды. № 5 Педагогикалық кеңес қаулыларының орындалуы туралы мәлімдеп өтті. ІІІ тоқсанның қорытындысы қанағатанарлық деп танылып, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері жұмыла жұмыс атқарып білім пайызы көтерілу жұмыстары берілген болатын. Осы жұмыстардың атқарылуы жақсы деңгейде өтіп жатқандығын айтып өтті.

 

ІІ Тыңдалды

 

          Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кап А. сөз алды. Оқу жылының аяқталуы туралы айтып өтті. 2022-2023 оқу жылы өте танымды, білім беру жолындағы маңызды орынға ие оқытушылардың біліктілігін арттыру семинар және әдістемелік күндері өтілді. Осы аталған іс шараларда мектебіміздің әр мұғалімінің шеберліктері көрсетіліп марапталып өтті. Аудандық әдістемелік кунде мектебіміздің бірнеше мұғалімдері өз сабақтарын көрсетіп өтті.

 

 

А)   2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31053 болып тіркелген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»  бұйрығын басшылыққа ала отыра  мектепшілік № бұйрықпен 2023 жылдың  1-31  мамыр  аралығында  өткізілген  мектептегі өзін - өзі бағалау бойынша  құжаттар жинақталып педагогикалық кеңесте қаралды.

 

 

Ә)  Емтиханға жіберу және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы педагогикалық кеңестің шешімі нәтижесінде жіберіледі. Емтихан кестесі мен емтиханға дайындық кестесі құрылып пән мұғалімдеріне таныстырылды. Емтихан 02 маусымда басталып 9-сыныптар үшін 13 маусымда аяқталып, 11 сыныптар үшін – 19 маусымда аяқталады деп айтып өтті. Емтиханға берілетін оқушы тапсырмалары мектептерге таңғы 07:00 де келетіні айтып өтілді.

 

Б)  «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі, марапатталуы туралы да хабарлама беріп өтті. Осы оқу жылында жалпы 18 сынып комплектісімен аяқтадық. Жалы оқушы саны-114. Осы оқушылардың ішіндегі үздіктер – 30 оқушы және екпінді оқушылар саны-39 құрады. Оқу жылын -67% аяқтадық. 1 маусым күні ауыл әкімінің қатысуымен «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты 11 сыныптарға үлкен жиын ұйымдастырылып, осы жиында «үздік» оқуды аяқтаған оқушылар марапатталатыны айтылып өтті.

 

ІІІ Тыңдалды

 

Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Н. Шахдуллаева сөз алды. Жазғы лагердің ұйымдастырылуы туралы сөз алды. Биылғы оқу жылында 2 ауысымда өткізі жоспарланып отыр және 02 маусымнан басталатыны хабарланды.. 01 маусымда ашылуы болып 1 және 2 маусымның жұмыс жоспары талқыланды.

 

ІҮ Тыңдалды

 

А) Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша болжалды еңбекпен қамту жұмыстары туралы айтылды. 9-11 сынып жетекшіліері С.Н. Шахдуллаева, Т.Т. Чечерина  сөз алды. 9 сыныптан кейін орта оқу орындарына (колледждерге) кететін оқушылар тізімін атап өтті. Оқушылардың көп бөлігі елордадағы оқу орындарын таңдап отқандарын айтып өтті. 11- сынып оқушылары ҰБТ ға дайындалып жүргендері және соңғы емтиханнан кейін ғана оқу орындарға түсу туралы нақты мәліметтерді беретіндерін айтып өтті.

 

 

Ә) Күн тәртібіндегі келесі мәселе  педагогтарды  тамыз кеңесіне марапаттауға ұсыну жайы сөз болды.

 

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі2021 жылғы 29 шілдедегі № 372 бұйрығын негізге ала отырып, ережеге сай педагогтардың жетістіктерін ескере отырып, бір ауыздан "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы":  Шульга Т.Ю. марапаттауға ұсынылды.

 

Педагогтың жетістіктері мен наградалары  ұсынылған кестеге сай толтырылып, аудандық білім бөліміне  жолдансын..

 

Қаулы қабылданды:

 

1.1 № 4 кеңес қаулыларының орындалу жұмыстары жүргізілсін.

 

2.1 Оқу жылының аяқталуы жақсы деп танылсын.

 

2.2 Оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстырылсын.

 

2.3 Қрытынды емтиханға жіберілсін және оқушыларды келесі сыныпқа көшірілсін.

 

2.4 «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі бекітіліп, марапатталсын.

 

3.1 Жазғы лагердің ұйымдастырылып, жұмыс жоспары бекітілсін.

 

4.1 Болжалды еңбекпен қамту жұмыстары жалғастырылсын.

 

4.2.  Педагогтардың жетістіктері ескеріле отырып, аталған мұғалім ережеге сай  тамыз кеңесіне марапаттауға ұсынылсын.

Мектеп директоры                         А.Хажат

Хатшы                                             Ә.Мекебай

 

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

1.     Тегі, аты, әкесінің аты: Шульга Татьяна Юрьевна            

2.     Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбин аулының мектеп-балабақшасы» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих және география  пән мұғалімі

3.     Жынысы: әйел

4.     Туған жылы және туған жері: 16.02.1977 ж. Ақмола  облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбинка  ауылы

5.     Ұлты: неміс

6.     Білімі: жоғары

7.     Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ

8.     Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: жоқ

9.     Мекенжайы: Ақмола  облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин ауылы, Құсаинов көшесі,  11 үй

10.  Жалпы жұмыс өтілі: 21 жыл 

11.  Саладағы жұмыс өтілі: 21 жыл 

12.  Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 21 жыл 

13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі көрсететін мінездемесі:

          Барлығы: 55,7 балл, оның ішінде:

1. Шульга Татьяна Юрьевна еңбек жолын 2001 жылы Новорыбин орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастаған. - 4 балл

2. 2019 жыл Білім және Ғылым  министрі А. Аймағанбетовтың білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі, педагогикалық және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері, кәсібилігі, педагогикалық үдерістегі жетістіктері үшін алғыс хаты - 1 балл.

3. 2020 жылы Білім және Ғылым министрі А. Аймағанбетовтың білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі, педагогикалық және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері, кәсібилігі, педагогикалық үдерістегі жетістіктері үшін «Алғыс хаты» – 1 балл.

4. 2022 жылы Білім вице - министрі Б.Асыловтың білім беруді дамытуға

қосқан елеулі үлесі, педагогикалық және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері, кәсібилігі, педагогикалық үдерістегі жетістіктері үшін «Алғыс хаты» – 1 балл.

5. 2020 жылы Республикалық ғылыми – практикалық орталық директоры А.Боранбайдың еліміздегі ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс хаты» - 1 балл. 

6. 2021 жылы еліміздегі білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің грамотасы – 1 балл. 

7.Педагог-зерттеуші біліктілік санатының иегері - 2 балл.    

8. 2020 жылы Варшава қаласында (Польша Республикасы) бір апталық курсты оқытуға арналған Сертификат, Университет "Жалпы білім беру жүйесіндегі дарынды балалар: проблемалар, перспективалар, даму" тақырыбында;  2021 жылы "Білім беруді дамыту мен елдің әл – ауқатына көзқарас" Республикалық әйел педагогтар форумына қатысушының сертификат; 2021 жылы Беларусь Республикасы Минск қаласында өткен "Жаңа технологиялар және педагогикалық практика" халықаралық ғылыми – практикалық конференциясында тәжірибені таратқаны және жинақтағаны үшін Сертификат; 2020 жылы "Birgemiz Bilim" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Еріктілер мектебі" республикалық Онлайн лагерінде жұмыс істегені үшін Диплом; 2019 жылы "Оқытудың заманауи әдістері" VI Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының жеңімпазы 1 орын;  2020 жылы Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен" Облыстық "Үздік бейнесабақ" бейнесабақ байқауының бірінші дәрежелі дипломы директор Ж. Баймақова;

2020 жыл. Білім беру қызметкерлері үшін "Көшбасшы –Педагог -2020" V Халықаралық портфолио байқауының жеңімпазы, 1 орын – 8,7 балл.

9. Аудандық пәндік олимпиада 1 оқушы II, 1 оқушы III орын 2018 жыл; Әлемдік мәдениет тарихы бойынша " Золотое руно " халықаралық байқауы 1 оқушы 1 оқушы I, 1 оқушы II, 1 оқушы III орын 2018 жыл; Әлемдік мәдениет тарихы бойынша " Золотое руно " халықаралық байқауы 1 оқушы I, 1 оқушы II, 1 оқушы III орын 2019 жыл; КИО II Республикалық олимпиадасы III орын 2019 жыл; "Ақ бота" республикалық олимпиадасы 1 оқушы I, 1 оқушы II, 1 оқушы III орын 2018,2019,2020 жыл; "Әл Фараби" Республикалық олимпиадасы I орын 2020 жыл - 29 балл. 

6. "География 7 - сынып оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін Жазғы мектеп" жобасын іске асыру аясында "(2021 ж.) " бағдарламасының авторы-1 балл. 

 "Шағын жинақты мектептегі тарих және география сабақтарындағы жобалық қызмет" тәжірибесін жинақтау (облыстық деңгей) - 2019 жыл-1 балл

7. "Мәңгілік ел ұстаздары" республикалық журналында жарияланым - "Қазақстанның пайдалы қазбалары" мақаласы-2017 жыл.

"Мақсат" халықаралық ғылыми-әдістемелік журналында жариялау - "Әлем елдері білім беру саласында неге реформалар жүргізіп жатыр және бұл жалпы Қазақстанға және сіз жұмыс істейтін мектепке қаншалықты қолайлы" мақаласы-2017 жыл, "Білім беру мазмұнын жаңарту жолында" мақаласы - 2018 жыл, " Жобалық шағын жинақты мектептегі тарих және география сабақтарындағы қызмет " - 2019 жыл.

"Тағылым" республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жариялау - "білім беру мазмұнын жаңарту жолында" мақаласы-2018 жыл.- 5 балл

Шульга Татьяна Юрьевна өз жұмысына мұқият, талапшыл, жауапты, ұқыпты, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Әріптестер арасында құрметке ие.

Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылады.

 

 

Жаңартылған күні: 25.07.2023 18:10
Құрылған күні: 25.07.2023 18:21

Текст