Жалпы ережелер
1.2 Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
1.3 Мектептің құрылтайшысы: Ақкөл ауданының әкімдігі.
1.4 Мектептің мүлігіне қатысты құқық субъектісінің қызметін жүзеге асыратын орган, сонымен қатар, өкілеттік орган - «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
1.5 Толық атауы: Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Новорыбин орта мектебі-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.6 Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020108 Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин ауылы, Стрельцова көшесі, 8.
2. Заңдық мәртебесі
2.1.Мектептің өзіндік балансы, ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сай, банктерде есеп шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде Мектептің атауы жазылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөр табандары бар.
2.2.Мектеп басқа заңды мекеме құра алмайды, сонымен қатар оның құрушысы да бола алмайды.
2.3.Мектеп оперативті басқару құқығы негізінде берілген жеке мүлікке ие, өзіне жүктелген міндеттемелер бойынша өз құзырындағы ақша үшін жауапты. Келісім шарттағы міндеттемелер бойынша, мектеп жауапкершілікке мектепті қамтамасыз ету бойынша бекітілген смета шеңберінде ие болады. Мектепке ақша жетіспеген жағдайда, оның міндеттері бойынша алмастырушы жауапкершілік Құрылтайшы органға жүктеледі.
2.4.Мектептің азаматтық-құқықтық келісім шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы
Министірлігінің территориалдық қазына бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін өз күшіне
2.5.Мектеп қызметі мемлекеттік стандарттар негізіндегі білімнің тегін берілу принципінде, білім беру процесінің үздіксіздік және оқыту әдістерінің алуан түрлілігі принципінде құрылады.
2.6.Мектеп білім қызметін жүзеге асыру, заңмен белгіленген жеңілдіктерді пайдалану құқына оған сәйкес лицензия берілген күннен бастап ие болады. Мектеп өз түлектеріне олардың білім дәрежелері туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығына мемлекеттік аккредитациядан өткен сәттен бастап ие болады.
3.1.Мектеп қызметінің мәні:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандартын жүзеге асыру;
2) бірыңғай тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырушы Мектептегі шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыруға септігін тигізетін оқу-тәрбие процесінің мазмұны, формасы және әдістері;
3) оқушылардың физикалық және эмоционалдық жағдайларының жақсы болуын қамтамасыз ету, тұлғаның үйлесімді жетілуі үшін отбасымен өзара қарым-қатынас орнату;
4) білім берудің жоғары нәтижесін көрсететін білім беру бағдарламаларын және педагогикалық технологияларын жүзеге асыру;
5) баспа өнімдерін шығару арқылы, ақпарат кеңістігін кеңейту;
6) заңға сәйкес ата-аналардың өтініштері бойынша қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету;
7) алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық жәрдемінің көрсетілуі.
8) әр түрлі деңгейде оқытуды іске асыру, соның ішінде коррекциялы-үдетпелі сыныптарды оқыту
1) барлығының сапалы білім алуға деген құқысының теңдігі;
2) зиялы, гуманистік және дамытушы сипаты білім берудің, азаматтық және ұлттық
құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының
приоритеті;
3) адамның құқығы мен бостандығын құрметтеу;
4) деңгейлері өзара сабақтас білім беру процесінің үздіксізділігі;
5) оқыту, тәрбиелеу және дамытудың бірлігі;
6) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесінің ашықтығы.
3.4.Мектепте діни бірлестіктердің құрылуы және жұмыс істеуі рұқсат етілмейді.
1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен маман ретінде жетілуіне бағытталған сапалы білім алуға қажет жағдайларды жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту, адамгершіліктің берік тұғыры мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдайлар жасау арқылы оның ақыл-ойын байыту;
3) өз Отанына, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, патриотизм мен азаматтық сезімдерін, мемлекеттік символдар мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін кез келген құбылыстарға деген төзімсіздік сезімін тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық рухтағы тұлғаны тәрбиелеу; қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысуға деген қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен борыштарына саналы түрде қарауын қалыптастыру;
5) Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне ортақтастыру; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік тілді,оған қоса орыс және басқа да шет тілдерін меңгеру;
6) педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік деңгейлерін көтеру;
7) қоғам мен экономиканың талаптарына сай келетін білім берудің сапасын бағалайтын ұлттық жүйенің қызмет етуі;
8) оқытудың жаңа тенологияларын енгізу және тиімді қолдану;
9) мүмкіншіліктері шектеулі азаматтардың білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
10) оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру бағдарламалары мен педагогикалық технологиялардың жасалуы және іске асырылуы;
11) баланың өзін шығармашыл және дарынды тұлға ретінде көрсететін шығармашылықты дамытатын жеке бағдарламаларды жасау;
12) балаларды өзін-өзі дамыту және өзін-өзі оқыту қажеттілігін қалыптастыру;
4.1.Мектептің білім беру бағдарламалары негізгі (базалық) және қосымша (дамытушылық) нұсқалардан тұрады.
4.2. Мектеп білім берудің мемлекеттік оқу бағдарламаларын мемлекеттік стандартқа сай жүзеге асырады.
4.3.Бастауыш білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары баланы тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу іс-әрекетіне деген оң мотивациясы мен ептіліктерін дамытуға бағытталады; негізгі мектептегі білім беру бағдарламаларын игеру үшін оқу, жазу, есептеу дағдыларын, тілдік қарым-қатынас жасау тәжірибесін, шығармашылық қабілеттерін және мәдени мінез-құлқын дамытуға бағытталады. Педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда қамтамасыз ету мақсатында тиімді тәрбиелеу-білім беру процесін таңдайды және қолданады, балама авторлық бағдарламаларды сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің тұтастығы принциптерін ескере отырып, тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру үдерісін таңдайды.
4.4. Негізгі орта білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруіне, оларда жоғары тұлғаралық және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеттерін қалыптастыруға, өз мамандық бағыттарын анықтауға бағытталады.
4.5. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқушының бейіндік оқыту жүзеге асыру үшін жалпы орта білім негізінде әзірленеді саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау жүргізу бағыттар бойынша бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын қамтамасыз етеді.
4.6 Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта білім беру бағытталған игеру, білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге қалыптастыру, жоғары мәдениет тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас, жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау және кәсіптік бағдар беруде мемлекеттік стандарт негізінде білім беру.
4.7. Жалпы білім берудің оқу бағдарламасы оқушыларды алдын ала өз мамандық бағытына даярлауға бағытталады.
- 0 саты – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
- жалпы бастауыш білім;
- жалпы негізгі орта білім;
- жалпы (толық) орта білім;
Бірінші саты оқушылардың дамуын, олардың оқу, жазу, есептеуді үйренуінің негізгі дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, оқу кезінде өзін – өзі бақылап, сөйлеу мен жүріс-тұрыс мәдениетін қарапайым дағдыларын, адамның гигиенасы мен салауатты өмір салтының алғашқы негіздерін игеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш білім жалпы негізгі білім алудың базасы болып табылады.
Екінші саты оқушылардың мектепбағыты бойынша тереңдетіліп оқытылатын жалпы негізгі білім беру бағдарламасын игеруге қамтамасыз етеді, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуға оның қызығушылық қабілетінің әлеуметтік бейімделуіне және жалпы орта толық білім, бастауыш және орта кәсіптік білім алудың базасы болып саналады.
Мектепте күндізгі түрде негізгі жалпы білім алу оқушының он сегізге дейінгі жасымен шектеледі.
Үшінші саты жалпы білім беретін бағдарламаның соңғы кезеңі болып табылады, Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.
Жағдай болса, білім алушылар немесе ата-аналардың сұранысы бойынша Мектеп әртүрлі бағыттар немесе бейіндік оқулар бойынша оқытуды енгізе алады.
5.1. Мектепке қабылдау тәртібі жалпы орта білім беру,бастауыш, негізгі ортабілім беру оқу бағдарламаларына сәйкес түрдегі оқыту мекемелеріндегі қабылдаудың типтік ережесімен орнатылады.
5.2 .1-сыныпқа қабылдау білім беру ұйымдарының барлық аумағында тұратын балалар 1 қыркүйегіне дейін алты (жеті) жасқа, даярлық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Өтініштерді қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында заңды өкілдерінің балаларды бірінші сыныпқа бастауыш білім беру ұйымдарының жүргізіледі.
5.3.Мектептегі жалпы білім беру сыныптарына Мектеп тұрған аймаққа кіретін ықшам аудандағы барлық балалар қабылданады. Балаларды қабылдау мектеп директорының бұйрығы, ата-аналардың жазбаша өтініштері және қабылдау комиссиясының ұсынысы негізінде өтеді.
5.4. Мектепке қабылдау 17 жас мөлшерімен шектеледі.
5.5. Мектеп оқуға түсушілер мен ата-аналарды (заң өкілдері) Жарғымен және білім беру процесін реттейтін Мектептің басқа да құжаттарымен таныстырады.
6.1. Мектептегі оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сай өңделген оқу жоспарларына, оқу бағдарламаларына, Мектеп директорымен бекітілген мемлекеттік оқу жоспары мен тақырыптық жоспарға сәйкес құрылады.
6.2. Мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.
6.3. Мектеп Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шеңберде оқытудың түрлері, әдістері және құралдарын таңдауда дербес деп саналады.
6.4. Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуының негізі Мектеп жүзеге асыратын оқу-тәрбие процесінің жоспарлануы мен есепке алынуы болып табылады.
6.5. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарларымен, бағдарламаларын уақытылы және сапалы орындалуын, толық көлемде қамтамасыз етуді көздейді.
6.6. Мектептегі оқу-тәрбие процесін жоспарлау оқу жылына оқу-тәрбие процесінің графигін, теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
6.7. Мектептегі оқу-тәрбие процесін есепке алу оқытуды есепке алу журналының және оқу бағдарламаларын орындауды есепке алу табельдерінің жүргізілуі арқылы жүзеге асырылады.
6.8. Білім мен ғылымды кіріктіру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын жасау және енгізу, Мектептегі педагогикалық жұмысшылардың санаттарын жоғарылату мақсатында Мектепте оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
6.9. Мектептегі тәрбие беру бағдарламасы білім үрдісінің құрамдас бөлігі болап табылады және патриотизм, азаматтылықты, интернационализм, мораль және адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.
6.10. Мектепте жалпылай мойындалған халықаралық құқық және гуманизм принциптеріне қарама-қайшы келетін нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты насихаттау, милитаристік және басқа идеяларды тарату, сонымен қатар діни атрибуттары көрсетілген киім киюге тиым салынады.
6.11. Оқу-тәрбие беру үрдісі оқушылардың және педагогикалық қызметкерлердің адамгершілік абыройларын құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.
6.12. Оқушыларға физикалық, моральдық және психикалық зорлық-зомбылық жасауға рұқсат етілмейді.
6.13 Мектепке дейінгі дайындыққа 2 жастан 6 жасқа дейінбалаларды қабылдау Мектеп жүзеге асырады
6.14 Балабақшаның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады, мектептің ішкі тәртіп нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
6.15Алғашқы әскери дайындық Мектеп негізінде оқу бағдарламасының жалпы орта білім беру заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы ,білім алушыларды шақыруға дейінгі және шақырылу жасындағы жүзеге асырылады .
6.16 Мектептегі тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6.17. Мектепте жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сай мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, сонымен қатар орыс тілі және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай шет тілдерінің бірі оқытылады.
6.18. Мемлекеттік және орыс тілдері ұлттық бірыңғай тестілеудегі пәндердің тізбесіне кіретін міндетті пәндер болып табылады.
6.19. Оқыту процесі оқытудың әр түрлі формалары қолданылатын сабақтар жүйесі болып табылады: жеке, ұжымдық, топтық, өз бетінше.
6.20. Оқу жүктемесі, оқушылардың сабақтарының режимі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, білім беру және денсаулық сақтау органдарының оқу жоспарлары мен ұсыныстарының негізінде дайындалған Мектеп бекіткен ережелермен анықталады.
6.21. Оқушылардың сабақ режимі.
1) Оқу жылы бірінші қыркүйектен бастап басталады.
2) Мектеп бес күндік оқу аптасы бойынша жұмыс істейді. Сабақтың ұзақтығы 40 минут.
3) Оқу жылының ұзақтығы 34 аптадан кем болмайды. Каникулдың ұзақтығы оқу жылы барысында 30 күнтізбелік күннен, ал жазда – 8 аптадан кем болмайды. Бірінші сынып оқушыларына қосымша 1 апталық демалыс беріледі.
4) Сабақ тәртібі, сабақтың ұзақтығы және сабақ арасындағы үзілістер, директордың бекіткен сабақ кестесімен және күн тәртібімен белгіленеді.
6.22. Оқу топтарының саны және толықтығы.
1) Мектептегі сыныптар саны, азаматтардың берген арыздары санынан және білім беру процесін жүзеге асыруға жасалған жағдайларға байланысты санитарлық нормаларды ескере отырып Құрылтайшының келісімімен Директордың тиісті бұйрығымен белгіленеді.
7. Білімді ағымдық бақылау, оқушыларды аралық және қорытынды аттестациядан өткізу жүйесі, оларды өткізу формасы және тәртібі.
7.1. Оқушылардың білім берудің оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында Мектепте оқушылардың үлгерімдерін ағымдық бақылаудан және аралық аттестациядан өткізу жүргізіледі.
7.2. Оқушылардың үлгерімдерін ағымдық бақылаудан және аралық аттестациядан өткізудің мерзімі мен тәртібін, формасын таңдау Мектептің еркінде.
7.3. Мектептің педагогикалық кеңесі шешімімен директормен бекітілген білім алушылар оқу жылының бағдарламасын табысты меңгерген жағдайда аралық аттестаттауға келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі. Оқу бағдарламасын жақсы игерген және аттестациядан жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар директормен бекітілген, мектеп кеңесінің шешімімен келесі сыныптарға көшіріледі. Оқу бағдарламаларын жақсы игерген және оқу жылын «өте жақсы» және деген бағамен аяқтаған оқушылар сыныптан сыныпқа аралық аттестациясыз Мектептің Педагогикалық кеңесі шешімі бойынша көшіріледі. Нысаны, аралық аттестация өткізудің тәртібі және ауыстыру емтихандары Үлгі қағидаларын бекіту үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берусәйкес белгіленеді .
7.4. Аралық аттестациялау оқушылардың білім деңгейін тексеру және бақылаудың міндетті формасы болып есептеледі. Аралық бақылаудың мазмұны мен тәртібін ұйымдастыру мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен реттеліп, директормен бекітіледі.
7.5. Аралық аттестациялау кезінде бағалау баллдық жүйемен іске асады, сонымен қатар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша екі деңгейдегі «сыналды» «сыналмады» деген баға қоюға рұқсат етілген.
7.6. 1-сынып оқушылары қайталанған оқу жылына қалдырылмайды, білім алушылардың, ұсынымдары бойынша қалдырылған оқушыларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және ата-аналары немесе баланың заңды өкілдерінің келісім бойынша;
7.7. Білім алушылар 5-8 (9), 10 (11) - сыныптардың бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар болса қайтадан аралық аттестаттау осы пәндер бойынша алынады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға тиісті пәндер бойыншаоқу тапсырмалары беріледі.
7.8. Қайта аралық аттестаттау бұрын 3-ші апта, оқу жылы аяқталғаннан кейін. Алған жағдайда қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды бағаларын алса , білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.
7.9. Жалпы және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларының игерілуі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін, оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің типтік ережесіне» сай іске асатын түлектердің міндетті қорытынды аттестаттаудан өтуімен аяқталады. Мектеп бітірушілерге қорытындылау аттестаттауын өткен соң білім деңгейі туралы мектептің мөрімен расталған мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
7.10 Білім беру мекемесі кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарын және басқа да заңды өкілдерді оқу-тәрбиелік жұмысының тәртібімен және мазмұнымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
8.1.16 жасқа дейінгі балаларды мектептен шеттетуге болмайды.
8.2. Мектептің Жарғысын өрескел бірнеше рет бұзған , білім алу саласына қарсы әркеттер жасаған болса шеттетіледі.
8.3. Жетім немесе ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларды мектептен шығару қорғау мен көмек органдарының келісімімен іске асырылады.
8.4. Шығарылған Мектеп балалар жалпы білім беретін мектепте кезінде түзеу мекемесінде кешкі және жеке меншік мектепте немесе экстернат нысанында жалпы орта білім алу жалғасады.
9.1. «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыру бойынша және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан қалатын ақшаны жұмсау бойынша қосымша ақылы білім беру қызметтерінің тәртібі туралы» бекітілген Ережесі негізінде, ҚР «Білім туралы» Заңына және ата-аналардың қалауына сәйкес Мектептің оқу бағдарламасына қосымша ақылы білім беру қызметі жүйесі қосылады.
9.2. Мектеп жалпы оқыту, білім беру стандарттар талаптарынан тыс келесі тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) ақылы қызметтер туралы келісімшартқа тұруымен ақылы түрде мына қызметтерді көрсетуге құқылы:
-қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтар мен қабілеттердің дамуы, мамандардың біліктілігін жоғарлатуы);
- оқу жоспары мен бағдарламасында анықталған пәндер бойынша (пәндер пен пәндер циклі) сабақтан тыс уақытта белгілі оқушылармен қосымша сабақтарды ұйымдастыру;
-оқушылардың пәндер бойынша (пәндер пен пәндер циклі) ғылым негіздерін терең оқуды ұйымдастыру;
-әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу: спорттық жарыстар, семинарлар, жиналыстар, оқушылар мен пед.қызметкерлер, үлкен жастағы адамдар арасындағы конференциялар, сонымен қатар оқу-әдістемелік әдебиетін құрастыру және іске асыру;
-білім беру мекемелерінде өтетін түрлі іс-шаралар қатысушыларын тамақтандыруды қамтамасыз ету, жазғы демалысты ұйымдастыру;
-кәсіптік біліктілігін ұйымдастыру (техникалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату мен қайта даярлауы).
9.3. Ақылы білім беру қызметін беретін Мектеп оқушымен, оның ата-аналары мен басқа заңды өкілдерімен келісімшартпен реттеледі.
Шартқа тұру уақытында оқу жылдың барлық шығындарын бір сәтте төлесе, оқу жылдың аяғына дейін шарт бағасы тұрақты болады. Оқудың ақшасы кезеңмен төленсе, онда төлеу сомасы жылда 1 рет жалақының өсуіне байланысты инфляция индексін ескеруімен өзгеруі мүмкін.
9.4. Ақылы қосымша білім беруден түскен қаражаттар оқу үрдісіне пайдаланылады, соның ішінде оқу құралдарын, әдебиеттерін алуға, оқушылардың еңбегін төлеуге, педагогтардың еңбегін қосымша төлеу және мектеп қызметкерлерін материалдық көмекпен қамтамасыз ету қызметі.
1) сапалы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес білім беру; ата-аналар комитеттері арқылы Мектепті басқару органдарының жұмыстарына қатысуға құқылы;
10.2 Білім Алушылар мен тәрбиеленушілер мынаған құқылы:
1) сапалы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес білім беру;
2) оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымы кеңесінің шешімі;
3) баламалы курстарды таңдауға оқу жоспарларына сәйкес;
4) білім беру қызметтерін көрсету, білім өзінің бейімділігі мен қажеттіліктеріне сәйкес ақылы негізде;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолжетімді нысанда үшін мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларды, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдар, соның ішінде арнайы мүгедектерге арналған, мүмкіндігі шектеулі балалар;
7) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға; 8) өз ойын еркін білдіру жəне наным-сенім;
9) өзінің адами қасиетін сақтауға;
10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметі көтермелеу және сыйақы алуға;
10.3 Білім алушылар мектеп жарғысында көзделген орындауға . ішкі тәртіп ережелерді сақтауға, жалпыға міндетті білім беру стандарттарын талаптарына сәйкес білімді игеру, шеберлік пен практиканы ұштастыруға міндетті.
10.4 білім Алушылар мен тәрбиеленушілер мынаған міндетті өз денсаулығына қамқор болуға ұмтылуға, рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіруге;
10.5 Мектеп формасы белгіленген білім беру саласындағы уәкілетті орган беру ұйымдарында талаптарын сақтауға міндетті.
10.6 Білім Алушылар мен тәрбиеленушілер құрметтеуге міндетті педагог қызметкердің ары мен намысын, оқу орнының дәстүрлерін оқуға;
10.7 Құқықтары мен міндеттері ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдері кәмелетке толмаған құқығы бар:
1) тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға; 2) Мектеп ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңестер жұмысына қатысу арқылы;
3) Мектеп жарғысында көрсетілген ережені орыындауға;
4) оқу орынында оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз ету;
5) Мектеп қызыметкерлері мен ар-намысын құрметтеу;
6)білім беру саласы уәкілетті органдарда белгіленген мектеп формасын киюге міндетті.
Мектепті басқару
11.1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Құрылтайшы және басқару органдар жүзеге асырады.
2) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары бекітеді;
3) тиімді пайдалануына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады мүліктің;
4) басқару органдары құзыретінің мерзімін, құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және Мектеп, шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
5) Мектеп басшысының негіздері, оны лауазымынан босату құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі анықтайды ;
6) шекті штат санын және құрылымын бекіту;
7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
8) Мектепті ұстауға сметаны бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда,Құрылтайшы және басқару органдар Мектепті басқаратын директорды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3)келісімшарттарды жасайды;
4)
5)
6)
9)Мектептің Педагогикалыкеңесінбасқарады;
10)Басқаратын кәсіпорындар мен байланыс жасайды;
11)қаржылық-шаруашылық қызметті бақылайды;
12)заңмен, жарғымен және өкілетті органмен жүктелген басқа қызмет түрлерін іске
асырады.
11.7 Мектепте алқалық басқару органдары бар: Мектеп кеңесі, Педагогикалық кеңес, Ата-аналар комитеті, Қамқоршылық кеңесі.
11.8 Мектептің педагогикалық кеңесі Мектептің әдістемелік басқаруды іске асырады және оқу бөлімінің меңгерушілерімен оқытушылары арасынан құрылады.Педагогикалық кеңесті Мектеп директоры басқарады. Педагогикалық кеңес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді, педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын (формалар, әдістер мен тәсілдер) анықтайды, жеке оқу жоспарларын бекітеді, оқушылардың үлгерімі, оқушылардың мінез-құлқы мен аттестаттау мәселелерін, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, озықтәжірибелерді тарату, педагогикалық кызметкерлерді марапаттауды ұсынады, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді.
11.9 Ата-аналар комитеті бір жыл мерзімге жалпы мектептік ата-аналар жиналысында тағайындалады. Комитет құрамындағы мүшелер саны ата-аналар жиналысында сыныптардың санының ескерілуі мен ата-аналарының, басқа заңды өкілдерінің шешімімен жасалады. Ата-аналар комитетінің мүшелері: директор мен педагогикалық кеңестің қарауына мәселелерді ұсынады, мектептің тәрбие жұмысын жақсарту бойынша сынып жетекшілерінің ұсыныстарын қарастырады, оқушылардың жаман қылықтары мен тәртіп бұзушылықтарын болдырмау жұмыстарын атқарады, оқушылардың денсаулығын сақтауды мен тамақтануды ұйымдастырады.
11.10 Қамқоршылық кеңесі білім беру саласында өкілетті органның шешімімен құрылады. Келесі қызметтерді атқарады: Мектептің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жасау; Мектеп дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар жасау; Мектептің оқыту – тәрбиелеу, ғылыми – зерттеу және шаруашылық қызметі мәселелері бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау, білім беру әдістемелерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, сонымен қатар оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері; Мектепке Мектептің жарғылық мақсатын жүзеге асыруға көмектесу, сонымен қатар білім алушыларға және педагогикалық ұжымға білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қажетті жағдай жасау; демеушілік көмекті тарту арқылы қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге ат салысу; демеушілік, қолдаушылық және басқа да көмектерді үлестіру; Мектеп бюджетінің жобасын алдын –ала қарап ұсыныстар жасап келісу және қалыптастыру; Мектеп қызметі туралы Мектеп басшысы және оның орынбасарлырының жұмыс туралы есебін тыңдау; жұмыскерлерге, қосымша қаржы көздерінен қарастырылған қаражат көлемінде, Мектеп басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерге лауазымдық қызмет ақыларына үстемеақы, сыйлыақы және материалдық көмек көрсету; Мектептің құрылымдық бөлімшелерін құру немесе жабу туралы ұсыныстар енгізу. Қамқоршылық кеңес мүшесінің талабы бойынша Мектептің жұмыскерлері (құрылымдылық бөлімшелері) Қамқоршылық кеңестің құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша мәліметтерді беріп тұруға міндетті.
12.Мектептің мүлкін қалыптастыру тәртібі
12.1. Мемлекеттік мекеменің мүлігі заң тұлғасының активтерінен құралады, олардың құны мектеп балансында көрінеді. Мемлекеттік мекеме мүлігі мыналар арқылы қалыптасады:
12.2. Мектептің смета арқылы берілген қаражатына алынған мүліктерді сатуға, сыйлауға құқығы жоқ.
12.4.Мектептің мүлкі Ақкөл ауданы әкімдігі берілген мүлік негізінде, негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттар қарайды.
12.5. Мектебінің мүлкі берілген Құрылтайшысы мүлкі оған жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық меншігіне жатады.
.12.6.Мектептің материалды-техникалық қоры жергілікті бюджет арқылы құрылған құрылтайшымен берілген қаражаттар құрайды , Құрылтайшы табыс ақылы білім беру қызметтерін көрсету, кәсіпкерлік қызмет.бюджеттік қаражат, мүліктен құралады.
12.7.Мектеппен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асырылған әрекеттерінен түскен мүліктер мектептің балансында тіркеліп, мемлекеттік меншікке жатады. Мектеп өз алдына осы мүліктерді пайдалануға құқығы жоқ.
12.8.Мектептің қаржылық-шаруашылық іскерлікті тексеру мен ревизия жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті органмен өткізіледі.
13.1.Мектептегі жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы болмай, ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сай болуы тиіс.
14.Штат пен мектеп қызметкерлерінің еңбегін төлеу шарттары, олардың құқықтары мен міндеттері
14.1.Мектеп пен қызметкерлер арасындағы еңбек қарым-қатынастары еңбек туралы заңға сүйене отырып, жеке еңбек шартына сай реттеледі. Педагогикалық ұжым байқау негізде құрылады.
14.2.Мектеп қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Гимназия-мектебінің Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен және қызметтік нұсқаулармен анықталады.
14.3.Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің құқықтары:
1)Кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай туғызу;
2)Мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын саж, педагогикалық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін еркін таңдау;
3)Ғылыми зерттеулердің тақырыбын өз алдына және оларды педагогикалық практикада қолдану;
4)Мектепті басқару органдарынақатысу;
5)Өндірістен қол үзіп, бес жылда бір рет өз біліктілігін арттыру;
6)Өз дәрежесін көтеру мақсатында және қызметте өсу үшін мерзімімен бұрына ттестаттаудан өту,
7)56 күнтізбелік күндік мерзіміне төленетін демалыс алу;
8)Жеке педагогикалық қызмет;
9)Өзінің кәсіби ары мен ұятын қорғау;
10)Ойлау қабілетін қорғау;
11)Мектеп әкімшілігі шығарған бұйрықтар мен өкімдер бойынша арыз жасауғаұқылы.
12)Педагогикалық қызметіндегі табыстары үшін қаржылай және моральды түрде марапатталуға;
13)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтің басқа да педагогикалық формалар.
14.4.Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің міндеттері:
1)оқушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген деңгейлерге сай білім беру дағдыларын қалыптастыру;
2)оқушылар мен тәрбиеленушілер жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалту және шығармашылыққа білеттерін анықтау;
3)өз біліктілігін арттыру;
4)педагогикалық әдеп нормаларын ұстану;
5)оқушылар мен тәрбиеленушілерді сыйлау;
6)салауатты өмір салтын кешу және оны оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттау.
14.5.Мектеп қызметкерлерінің еңбек төлемінің жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен анықталады
14.6.Мектеп қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесіне мыналар кіреді: мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің лауазымды еңбекақы, ҚР Үкіметімен белгіленген,ҚР заң актілері мен көрсетілген өтемакы, еңбекшартына байланысты қосымша құндар.
14.7.Мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақылары (ставкалары) мұғалімнің мамандық бойынша жұмыс өтіліне және лауазымына сай топқа жататындығы, қай қызметте жүргендігі барлығы ескерілеотырып, есептеуге арналған лауазымды еңбекақысы белгіленген коффициентке көбейтіліп анықталады.
14.8.Қосымшалар мен қосымша ақшалар лауазымды еңбекақыдан есептеледі, ал басқа да қосымша құндар бір айлық жалақыдан алынады, өтемакы көлемі ҚР нормативті актілеріне сай анықталады.
14.9.Мектептің педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі ҚР заңнамасымен, мұғалімдер біліктілігін ескеру арқылы реттеледі
14.10.Мектептегі еңбекті ұйымдастыру қызметкерлерге кепілдік беру принциптері негізінде, ҚР заңмен белгіленгенлеуметтік-экономикалық құқықтарынегізінде жасалады.
15.Мектеп Жарғысын өзгерту тәртібі
15.1.Мектеп жарғысына жаңа редакцияның мазмұнында көрсетілуі, бекітуі, өзгерістерді және толықтыруларды құрылтайшысы енгізеді.
15.2. Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап қана нақты деп есептеледі. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізген сәттен кейін бір ай мерзім ішіндеАқмола облысы бойынша Әділет министірлігіне хабарлауға міндетті және ресімдеуге қажетті қызметті іске асырулары қажет.
16.1.Мектепті қайта құру немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
16.2. Мектепті қайта құру немесе тарату жағдайы болса, оқушылардың басқа мектептерде оқу жылын аяқтау үшін жағдай жасалуы қажет.
16.3. Мектепті таратқан жағдайда немесе құқықты қабылдаушысы болмаған кезде Мектептің барлық құжаттамалары мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады.
17.1. Осы Жарғы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
17.2. Осы Жарғыны тіркегенге байланысты, №167--1902-02-ММ 17.04.2009 жылы тіркелген, «Новорыбин орта мектебі-бақшасы » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы күшін жояды.