АШЫҚ САБАҚ
САБАҚ ЖОСПАРЫ
/public/files/2019/12/13/131219_131946_ashy-saba10-a-synyp.docx
|
Сабақ: 4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары (асық ойыны бес тас) Күні:09.12.2019ж. |
Мектеп: «Новорыбин орта мектебі-бақшасы»ММ |
|
|
Сыныбы: 10 «А» сынып |
Мұғалімнің аты-жөні: Акимжанов Д.Ж. |
|
|
Қатысқан оқушы саны : 6 |
Қатыспағаны:0 |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақтың ұлттық ойындары (Асық ойыны бес тас) |
|
|
Меңгеру мақсаттары: |
7.3.5.5 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай біледі. |
|
|
Сабақ мақсаттары: |
1.Барлық оқушылар орындай алады: Асық ойын кезінде оқушылар басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай алады 2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Асық ойын кезінде оқушылар басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды орындайды.. 3. Кейбір оқушылар орындай алады: Асық ойын кезінде оқушылар басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды үйретеді. |
|
|
Жетістік критерийлері: |
-Ойын кезінде адал ойнау,патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлықты көрсетеді, талқылайды және бейімдей біледі. |
|
|
Тілдік мақсаттар:
|
Пәнге тән лексика мен терминология: -Оқушыларға асық туралы мәлімет беру .
|
|
|
Пәнаралық байланыс: |
математика,қазақстан тарихы,ағылшын |
|
|
Алдыңғы сабақта менгерілген білім |
7.2.5.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну |
|
|
Дескрипторлар |
2. ұлттық ойынның қарапайым ойыннан айырмашылығын айтады; 3. ойын кезінде іс-қимылдарды дұрыс орындайды. 4. асық ойынының тарихын біледі. 5. Бес тас ойынның он екі турін орындай алады. |
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезендері: |
Уақыт |
Сабақтағы іс-әрекеттер: |
Құрал жабдықтар (ресурстар) |
|
Сабақтың басы: |
15-минут |
Жүру жаттығулары: 1. Қолымыз жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру 2. Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру 3. Қолды алға ұстап, жартылай отырып жүру 5. Қолды белге қойып, толық отырып жүру Жүгіру жаттығулары: 1.Қолды белде ұстап, аяқты артқа сермеп жүгіру 2.Қолды белде ұстап, аяқты алға сермеп жүгіру 3.Қолды алға ұстап, тізені жоғары көтеріп жүгіру 4.Қолды белде ұстап, екі жанымен жүгіру 5.Үлкен адыммен жүгіру |
Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, асықтар |
|
Сабақтың ортасы: |
20-минут |
-Оқушыларға асық ойыны туралы мәлімет беру. Асық ойыны бес тас — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны Бес тас күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату). Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көм бес ызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар. Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: тас қала, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), т.б. Тас қала Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады
Асық қаршу / бестас. Бұл ойынды екі немесе одан да көп ойыншы дөңгелене отырып ойнайды. Ойынды бастамас бұрын асық иіру жолымен ойыншылардың реті белгіленеді. Кімнің асығы алшысынан түссе, ойынды сол бастайды. Кішкене ықшам асықтар таңдалып алынады. Бес асықты жерге тастап, соның ішінен бір асықты лақтырып, ол төмен түскенше асықтың біреуін алып және лақтырылған асықты қағып үлгеру керек. Әуелі, біріншісінде, асықтарды бір-бірден, екіншісінде, екі-екіден, үшіншісінде, үшеуін бірге, ал біреуін жеке, соңында, төртеуін бірдей сыпырып алу керек. Ойынның бесінші сатысы «көпірден өткізу» деп аталады: бұл жүрісте ойыншы сол қолының бас бармағы мен сұқ саусағын асық өтетіндей етіп жерге тіреп тұрады. Оны көпір деп атайды. Бір асықты лақтыра отырып қалған төрт асықты бір-бірлеп «көпірден» өткізеді. Бұл кейде нәби өткізу делінеді, сондықтан ең соңғы өткен асықты нәби асық деп те атайды Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді. |
Асық ойыны туралы мәлімет
|
|
Сабақтың соңы: |
5-минут |
-Сапқа тұрғызу. Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіледі. Оқушылар өздерін бағалайды.
Оқушылардың сабақ барысында не үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс «басбармақ» тәсілі арқылы бағалау. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия: |
Оқушыларға қойылатын сұрақтар: - Бүгінгі сабақтан нені білдін, нені үйрендің ?-Қандай дескрипторды орындай алмадың? -Асық ойынының ержесін түсіндіңдерме?
|
|
|
|
Дифференциалды оқыту – 1.Қабілеті төмен оқушыларға : Асық ойынының ережесін біледі. 2.Қабілетті орташа оқушыларға: Асық ойынының ережесін түсініп, ойнайды. 3.Қабілетті жоғары оқушыларға: Ойын ережесін толық түсініп, ойнай алады және өзгелерге үйрете біледі. |
Бағалау.
Оқушылар бір-бірін бағалайды. Оқушылардың жұмыстануын бақылау, тыңдау, кеңес беру. Оқушылардың жаттығуды орындау техникасын орындауын қадағалау. |
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Денсаулық сақтау әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері,сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары. |
|
|
Қорытынды: Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1. Жаттығуларды дұрыс орындау 2. Сақаны дұрыс лақтыруы. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену.) 1.Көп көрнекі материалды қолдану. 2.Ойын ережелеріне көбірек көңіл бөлу. Сыныппен жеке тұлғалар туралы не білдім және келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді? Жекелеген шұғылданушылардың дене шынықтыру дайындығы туралы. |
|||