"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАДЫНАМА СУ БАСУ ҚАТЕРІ ТӨНГЕН ЖӘНЕ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Су басқанша дейін:

  • су басу қатері туындағаны туралы дабыл (хабарлама) алған кезде құжаттарды, құнды заттарды дайындап, оларды арнайы чемоданға немесе арқа қоржынға салу қажет;
  • мүліктерді және материалдық құндылықтарды қауіпсіз жерге апару (шатыр, төбе) немесе оларды жоғары (шкаф, антресолға) қою қажет;
  • отбасы мүшесімен эвакуация жолын, ықтимал су басу шекарасын ( су басу), сонымен қатар эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру орындарын зерттеу;
  • су басу кенеттен және қарқынды дамып келе жатқан жағдайда қайықтардың, салдардың тұрған жерімен танысыңыз.

 

Су басу кезінде:

а) егерде су басу кенеттен болса

  • ғимараттың жоғарғы қабатына, шатырға, немесе жердің көтеріңкі учаскесіне көтеріліп,  өзіңізбен  бірге  эвакуациялау үшін  жарамды заттарды  (автомобиль камерасын, үрлемелі матрас және т. б.), сондай-ақ өзіңіз орналасқан жерді көрсету үшін (ашық түсті мата, қол шамы) болуы қажет;
  • көмек келгенше дейін сигнал беріп, өз орнында болу қажет;
  • су баспаған аумақтарға тек өте қажет болғанда ғана өзін өзі эвакуациялау керек: зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, су мен азық-түлік жоқ болған кезде, жағдайдың нашарлану қауіпі төнген немесе басқа жақтан көмек келмейтініне сенімнің жоғалуынан;

б) егер сіз үйде болсаңыз

  • оқиғалардың дамуымен хабардар болу үшін радио немесе теледидарды қосу қажет;
  • мүгедектер мен қарттарға, балаларға көмек көрсетіп, көршілерді ескерту қажет;
  • уақыт болған жағдайда газды сөндіріңіз, терезелер мен есіктерді тығыз жабыңыз;
  • өзіңізбен бірге тек керекті заттарды: пакетке салынған құжатты, ақшаны, медициналық дәрі қобдиша, үш күндік азық-түлік қорын, төсек-орын бұйымдары мен дәретхана керек-жарақтарын, үстіңгі киім-кешек жинағын және аяқ киімді алу қажет;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Төтенше жағдайлар кезінде – 112 нөмеріне хабарласыныздар

ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТЫНЫШТЫҚТЫ ЖӘНЕ САБЫРЛЫҚТЫ САҚТАНЫЗДАР – СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ!!!

Су басқаннан кейін:

  • құтқару қызметінің нұсқаулығын қолданыңыз және радионы тыңдаңыз;
  • тұрғын үйге жақындаған кезде үзілген және салбырап тұрған электр сымдарынан сақтаныздар;
  • электрлік жүйені мамандар тексергенше дейін электр құрылғылармен қолданбау қажет;
  • үйге кірген кезде абайлаңыз, барлық оның құрылымының беріктігін (қабырға, еден) тексеріңіз;
  • ішкі бөлмелерді қараған кезде ауада газдың ықтимал болуына байланысты жарық көзі ретінде сіреңкені, шырақтарды және т.б. қолданбау қажет. Осы мақсатқа электр шамын қолдану қажет;
  • суға тиген азық-түлікті және су қорын қолданбастан бұрын, тазалық сақтау инспекциясына тексерту қажет. Суды тартып шығару әдісімен құдықтарды кептіру қажет;
  • Тұрғын үйді тексеріп кептіру керек, жиһаздарды, асхана құралдарын, ыдыстарды тазарту қажет. Осы мақсатқа ағартқыш пен қайнаған суды қолдану қажет.
Жаңартылған күні: 12.03.2019 20:46
Құрылған күні: 12.03.2019 20:46

Текст