ЖАДЫНАМА Су басу қатері төнген және туындаған кезде халықтың іс-әрекеті

Су басқанша дейін:

*су басу қатері туындағаны туралы дабыл (хабарлама) алған кезде құжаттарды, құнды заттарды дайындап, оларды арнайы чемоданға немесе арқа қоржынға  салу қажет;
*мүліктерді және материалдық құндылықтарды қауіпсіз жерге апару (шатыр, төбе) немесе оларды жоғары (шкаф, антресолға) қою қажет;
*отбасы мүшесімен эвакуация жолын, ықтимал су басу шекарасын (су басу), сонымен қатар эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру орындарын зерттеу;
*Су басу кенеттен және қарқынды дамып келе жатқан жағдайда қайықтардың, салдардың тұрған жерімен танысыңыз.

 

СУ БАСУ КЕЗІНДЕ:

а) егерде су басу кенеттен болса

*ғимараттың жоғарғы қабатына, шатырға, немесе жердің көтеріңкі учаскесіне көтеріліп, өзіңізбен бірге эвакуациялау үшін жарамды заттарды (автомобиль камерасын, үрлемелі матрас және т.б.), сондай-ақ өзіңіз орналасқан жерді көрсету үшін (ашық түсті мата,  қол шамы) болуы қажет;
*көмек келгенше дейін сигнал беріп, өз орнында болу қажет;
*су баспаған аумақтарға тек өте қажет болғанда ғана өзін өзі эвакуациялау керек: зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, су мен азық-түлік жоқ болған кезде, жағдайдың нашарлану қауіпі төнген немесе басқа жақтан көмек келмейтініне сенімнің  жоғалуынан;
 

СУ БАСУ КЕЗІҢДЕ:

б) егер сіз үйде болсаныз

*оқиғалардың дамуымен хабардар болу үшін радио немесе теледидарды қосу қажет;
*мүгедектер мен қарттарға, балаларға көмек көрсетіп, көршілерді ескерту қажет;
*уақыт болған жағдайда газды сөндіріңіз, терезелер мен есіктерді  тығыз жабыңыз;
*өзіңізбен бірге тек керекті заттарды: пакетке салынған құжатты, ақшаны, медициналық дәрі қобдиша, үш күндік азық-түлік қорын, төсек-орын бұйымдары мен дәретхана керек-жарақтарын, үстінгі киім-кешек жинағын және аяқ киімді алу қажет;
*эвакуация туралы бұйрықты алғаннан кейін үйді босатуыныз қажет.
 

СУ БАСҚАННАН КЕЙІН:

*құтқару қызметінің нұсқаулығын қолданыңыз және радионы тыңдаңыз;
*тұрғын үйге жақындаған кезде үзілген және сабырап тұрған электр сымдарынан сақтаныздар;
*электрлік жүйені мамандар тексергенше дейін электр құрылғылармен қолданбау қажет;
*үйге кірген кезде абайлаңыз, барлық оның құрылымының беріктігін (қабырға, еден) тексеріңіз;
*ішкі бөлмелерді қараған кезде ауада газдың ықтимал болуына байланысты жарық көзі ретінде сіреңкені, шырақтарды және т.б. қолданбау қажет. Осы мақсатқа электр шамын қолдану қажет;
*суға тиген азық-түлікті және су қорын қолданбастан бұрын, тазалық сақтау инспекциясына тексерту қажет. Суды тартып шығару әдісімен құдықтарды кептіру қажет;
*Тұрғын үйді тексеріп кептіру керек, жиһаздарды, асхана құралдарын, ыдыстарды тазарту қажет. Осы мақсатқа ағартқыш пен қайнаған суды қолдану қажет.