Текст
Ұйымдар тізімі
"Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы шағын орталық Сабақтастық іс-шарасы аясында бастауыш сынып мұғалімі мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілеріне ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында балалар мектептегі оқу үдерісімен танысып, партада отыру тәртібі, қол көтеру, тапсырманы тыңдап орындау сияқты ережелерді меңгерді. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, түрлі танымдық тапсырмаларды орындады.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықты нығайту, балаларды мектеп өміріне бейімдеу және олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.






Жаңа жыл