"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас Ұлан" ББЖҰ РҚБ қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау сценарийі

Сценарий торжественного принятия 

в ряды РОО ЕДЮО «Жас Ұлан» школьников,

посвященный  Дню Независимости Республики Казахстан

                                                                                                                                Звучат фанфары

1 жүргізуші:

   Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және  оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

 

2 ведущий:

Добрый день, уважаемые друзья! Мы приветствуем вас на торжественном посвящении лучших учащихся нашей школы в ряды Республиканской единой детско-юношеской организации «Жас Ұлан».

 

1 жүргізуші: Тәуелсіздіктің 28 жыл барысында қуатты Қазақстанда тәрбиеленген отансүйгіш жаңа буын өніп шықты. Н.Ә.Назарбаев баяндамаларының бірінде «Отансүйгіштік, адамгершілік және өнеге, ұлтаралық қатынас және толеранттылық,   дене және рухани даму, заңсүйгіштік. Бұл құндылықтар меншік иесіне тәуелсіз барлық оқу орындарында жүргізілуі тиіс» деп айтқан.

 

2 ведущий: Новый казахстанский патриотизм-основа успеха нашего многонационального общества. Ведь фундаментом казахстанского патриотизма является равноправие всех граждан и их общая ответственность за Родину и ее будущее.

 

1 жүргізуші: Тәуелсіздік  ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші  ең қадірлі күш.

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

 

2 ведущий:

Сегодня «Жас Ұлановцами» станут Рахат Мейрамбек, Азизонов Тимур,Саганбек Ерасыл,Бичун Никита,Женсебаева Меруерт,Сулейменова Шынар,Олексюк Юлиана,Садвокасова Дана, Пуников Дима. Им предстоит соответствовать своему важному статусу. Быть великодушным, честным, ответственным. С любовью и уважением относиться к своей стране, знать и ценить традиции,  культуру своего народа.

Самое главное для Жас Ұлановца быть примером для подражания своим сверстникам,  а для этого нужно хорошо учиться, вести здоровый образ жизни, и совершать добрые и полезные дела.

 

 

Жас Улановцы:

1. Мәңгілік Ел – біздің ортақ тағдырымыз! 

2. Наш достойный и великий Казахстан!

3. Жас ұлан – жарқын болашақ!

4. Быть «Жас Ұлановцем» заложить фундамент успеха!

5. Отанымызды өркендету - біздің азаматтық борышымыз.

6. Познать и испытать себя!

7.Управляешь собой, управляешь судьбой!

8. «Жас Ұлан» создай свой завтрашний день!

Вместе: «Жас Ұлан»! Алға!

Вместе: «Жас Ұлан»! Только вперёд!  

 

І жүргізуші:

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

 

2 ведущий:

К торжественному приему в ряды «Жас Ұлан» готовы.

Право для повязывания галстуков предоставляется директору школы Кирибаевой К.С.

Звучит ПАТРИОТИЧЕСКАЯ ПЕСНЯ

(директор школы повязывает галстуки и закрепляет значки«Жас Ұлан»)

 

І жүргізуші:

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

 

Анттың мәтіні:

         Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

 

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

         Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

         Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

 

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

 

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

                                                «Жас Ұлан» гимні

2 ведущий:

Дорогие «Жас Ұлановцы» поздравляем вас с этим знаменательным событием  в вашей жизни. Мы желаем вам высоко нести честь Жас Ұлановца и быть достойным  гражданином своей страны.

 

1 жүргізуші:

Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде.

 

2 ведущий:  На этом торжественное посвящение подошло к завершению.

 

1 жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

 

 

 

Жаңартылған күні: 11.12.2019 19:05
Құрылған күні: 24.01.2020 12:01

Текст