Толқу, қуаныш, күту, бұл күнде бәрі бекер емес! Барлығы үшін бұл ерекше және маңызды күн - 1 қыркүйек! 1 қыркүйек – Білім күні! Кітаптардың, гүлдердің, достардың, күлкілердің, жарықтың мерекесі! Жаңа оқу жылын бастау үшін мектебіміздің есігі тағы айқара ашылды! Дәстүр бойынша 1 қыркүйекте мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Музыка естіледі, барлық сыныптар мектеп ауласында сап түзеді. Салтанатты жиында барлығы Қазақстанның әнұранын орындады. Дәстүр бойынша бірінші болып кішкентай бірінші сынып оқушылары таныстырылды, биыл олардың саны 7-ге жетті. Мектеп директоры Хажат Алма Хажатқызы және қонақтар мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. Бірінші сынып оқушылары үйренген өлеңдерін мәнерлеп айтып берді. Жаңа оқу жылы баршаға жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге толы болсын!