Бүгін біздің мектепте мектеп парламентінің президенті қызметіне үміткер – Өмірбек Ақберенмен кездесу өтті.
Өз сөзінде Ақберен өзінің бағдарламасымен бөлісіп, мектеп өмірін дамытуға бағытталған негізгі мақсаттары мен идеяларын таныстырды. Ол оқушылардың мектеп іс-шараларына белсенді қатысуының, тәртіпті нығайтудың және ұжымда достық атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар үміткер әрбір оқушы үшін мектептегі күндерді қызықты да пайдалы ететін жаңа бастамаларды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, алда үгіт-насихат апталығы өтеді. Сол уақытта оқушылар үміткерлермен және олардың ұсыныстарымен жақынырақ таныса алады. Осы кезеңнен кейін жасырын дауыс беру өткізіліп, әрбір оқушы болашақ мектеп парламентінің президентіне өз дауысын бере алады.