Ұйымдар тізімі
21.11.2025
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жеке бас қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу мақсатында қыздарға «Жыныстық қатынастың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шараны педагогикалық психолог және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ұйымдастырып, жүргізді. Дәріс барысында оқушылар жеке шекаралар, ересектер мен құрдастар тарапынан қабылданбайтын мінез-құлық түрлері, ықтимал қауіпті жағдайларда өзін қорғау жолдары сияқты негізгі ұғымдармен таныстырылды.
Педагог психолог «жоқ» деп айтудың, өз сезімдеріне сенудің, қауіп төнген немесе жеке шекараны бұзған жағдайда бірден ата-анадан, мұғалімдерден немесе мамандардан көмек сұраудың маңыздылығын атап өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары кәмелетке толмағандарды қорғаудың құқықтық аспектілерін, заңсыз әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікті, көмек сұрау тетіктерін талқылады. Дәріс сенімді және ашық атмосферада өтті; қыздар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар алды.




