Ұйымдар тізімі
04.12.2025
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында, «Тәуелсіздік және патриотизм» құндылығы негізінде, 2025 жылғы 27 қараша күні мектебімізде «Жалын» дебат клубының кезекті отырысы өтті. Отырыс тақырыбы — «Клонирлеу». Клуб жетекшісі — Рязанова А.Л. Іс-шараға түрлі сынып оқушылары қатысты. Дебаттың мақсаты – сыни ойлауды дамыту, өз көзқарасын дәлелдеп жеткізуге және өзгелердің пікіріне құрметпен қарауға баулу.
Қатысушылар екі командаға бөлінді: клонирлеуді жақтаушылар мен оған қарсы тарап. Әр топ өз дәлелдерін ғылыми деректерге, этикалық нормаларға және әлеуметтік аспектілерге сүйене отырып ұсынды. Талқылау барысында оқушылар клонирлеудің медицина мен ауыл шаруашылығындағы мүмкін пайдасы, сондай-ақ туындауы мүмкін қауіптер мен моральдық мәселелерді қозғады.




