Текст
Ұйымдар тізімі
13.01.2026
Мектебімізде білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақ елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Тарихтан тағылым – болашаққа бағдар" атты апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті.
Апталықтың ашылуында тарих пәні мұғалімдері мен оқушылар қатысып, іс-шараның мақсаты мен міндеттері таныстырылды. Ашылу барысында тарихи тұлғалар туралы танымдық мәліметтер айтылып, оқушылардың арасында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Тарих апталығы аясында ашық сабақтар, интеллектуалдық сайыстар, викториналар, дөңгелек үстелдер және көрмелер өткізу жоспарланған. Бұл іс-шаралар оқушылардың тарихи білімін тереңдетіп, өз елінің өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелейді.




