Текст
Ұйымдар тізімі
22.01.2026
«DosBolLike» жобасы аясында «Жас Ұлан» белсенділері «Буллингтен қорған» атты акция өткізді.
Акция барысында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, онда буллингтің не екені, оған қалай қарсы тұруға болатыны және көмек алу үшін қайда жүгінуге болатыны түсінікті түрде түсіндірілді. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетудің, өзара құрмет пен достық қарым-қатынастың маңыздылығын еске салды.
Акцияның мақсаты – мектеп ортасында буллингтің алдын алу, оқушылар арасында ізгі қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін дамыту, сондай-ақ мектепте қауіпсіз әрі қолайлы орта құру.




