Текст
Ұйымдар тізімі
27.01.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Менің Қазақстаным» апталық іс-шаралары аясында жалпы мектептік саптың басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
«Заң және тәртіп» айлығы аясында сап барысында оқушыларға мектеп формасын кию талаптарын сақтау, тәртіптің маңыздылығы және мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындаудағы жауапкершілік туралы ескертілді.
Сондай-ақ сапта аудандық олимпиадаға белсене қатысқан оқушылар атап өтілді. Қол жеткізген нәтижелері үшін оқушыларға алғыс білдірілді.
Бұдан бөлек, аудандық волейбол жарыстарында III орын иеленген оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Мектеп оқушыларына грамоталар табысталып, алдағы спорттық және оқу жетістіктеріне жетулеріне тілектестік білдірілді. 🏐🏆




