Текст
Ұйымдар тізімі
12.02.2026
КММ «Новорыбинка ауылының жалпы білім беретін мектебінде» Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған іс-шара өтті. Атаулы күн аясында оқушылар жауынгер-интернационалистердің ерлігі, төзімділігі мен батырлығына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқуға қатысты.
Оқушылар соғыс туралы, сарбаздардың қаһармандығы мен болашақ ұрпақ үшін бейбітшіліктің маңызы жайлы шығармаларды әсерлі түрде оқыды. Іс-шара патриоттық тәрбиені қалыптастыруға, тарихқа құрмет көрсетуге және әскери борышын өтеген жандардың ерлігін есте сақтауға ықпал етті.




