Текст
Ұйымдар тізімі
16.02.2026
5–11-сынып оқушылары арасында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуына арналған Ауған әндері фестивалін өткізу дәстүрлі шараға айналды. Бұл мереке 5–11-сынып оқушылары үшін нағыз қуанышқа толы, әсерлі күн болды!
Сынып жетекшілері мен олардың тәрбиеленушілері дайындыққа үлкен жауапкершілікпен әрі шығармашылықпен қарап, патриоттық рухқа толы өнерлерін ұсынды. Әрбір қатысушы өз талантын ғана емес, еліміздің тарихына деген құрметін де көрсете білді.
Барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар мен ұмытылмас сәттер сыйлағаны үшін алғыс айтамыз! Батырларымызға деген құрмет пен тарихи жадымызды бірге сақтайық!




