Текст
Ұйымдар тізімі
20.02.2026
Аға вожатый Шахдуллаева С.Н. «Қауіпсіз интернет» тақырыбында цифрлық кеңістікте сауатты әрі жауапты мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған әңгіме өткізді.
Кездесу барысында оқушылар интернеттің пайдасы туралы талқылады: білім беру ресурстарына қол жеткізу, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, дүниетанымды кеңейту және жаңа ақпарат алу.
Сондай-ақ оқушылар интернет желісіндегі ықтимал қауіптерді анықтады — кибербуллинг, алаяқтық, жалған ақпараттың таралуы, зиянды контент және гаджеттерге тәуелділік.
Әңгіменің мақсаты — оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернетте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және онлайн-ортадағы әрекеттері үшін жауапкершілікті дамыту




