Апта сайынғы «Менің Қазақстаным» іс-шаралары аясында

05.03.2026

Бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы және апта сайынғы «Менің Қазақстаным» іс-шаралары аясында 2 наурыз күні мектепте жалпы мектептік саптық жиын (линейка) ұйымдастырылды.
Жиынның басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Жиын барысында оқушыларға мектеп формасын кию талаптарын сақтау, тәртіптің маңыздылығы және мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындаудағы жауапкершілік туралы ескертілді.
Сондай-ақ жуырда өткен байқаулар мен жарыстарда белсенділік танытып, жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылар атап өтілді.
Оқушыларға дипломдар табысталып, алдағы уақытта да табыс пен жетістіктер тіленді.

Просмотров: 1954


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу