Текст
Ұйымдар тізімі
06.04.2026
6–11 сынып оқушылары арасында «7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні.Өмірге салауатты қадам» тақырыбында өткізілген сынып сағаты өте мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары болды. Іс-шара барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын терең түсініп, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы ой бөлісті. Әртүрлі қызықты тапсырмалар, пікірталастар мен мысалдар арқылы тақырып жан-жақты ашылды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Бұл сынып сағаты олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға, дұрыс тамақтану мен спортпен айналысуға ынталандырды. Жалпы, шара өз мақсатына жетіп, оқушыларға пайдалы әсер қалдырды.




