"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өмірге салауатты қадам»

13.05.2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес мектебімізде әр сейсенбі сайын барлық оқушылар мен педагогтердің қатысуымен «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Өмірге салауатты қадам» ай сайынғы профилактикалық іс-шаралары аясында дене шынықтыру мұғалімі Акимжанов Д.Ж. жетекшілігімен «Дене шынықтыру жаттығулары» тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні де аталған іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, білім алушылар мен ұстаздар белсенділік танытты. Таңғы жаттығулар қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сергектік пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. Іс-шара білім алушылар мен педагогтердің денсаулығын нығайтуға, мектепішілік белсенді және салауатты орта қалыптастыруға бағытталған. Мақсаты: Білім беру ұйымында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, білім алушылардың физикалық белсенділігін арттыру, олардың сергектігін, төзімділігін және жалпы жұмысқа қабілеттілігін күшейту. Қозғалыс белсенділігін күнделікті өмір дағдысына айналдыру. Мектептің күн тәртібіне сай жаттығулар енгізіліп, білім алушылардың қозғалысқа деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст