Ұйымдар тізімі
29.05.2026
2026 жылғы 26–29 мамыр аралығында мектебімізде 5–8 және 10-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен аралық емтихандар өткізілді.
Аралық емтихандардың мақсаты – оқушылардың оқу жылы барысында меңгерген білім, білік және дағдыларының деңгейін анықтау, пән бойынша оқу жетістіктерін бағалау. Емтихан тапсырмалары оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленіп, оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін жан-жақты бағалауға бағытталды.
Емтихан барысында оқушылар оқылым, жазылым және тілдік нормаларды меңгеру бойынша білімдерін көрсетті. Барлық емтихандар белгіленген кестеге сәйкес ұйымдастырылып, академиялық адалдық қағидалары сақталды.
Аралық емтихан нәтижелері оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берді және алдағы оқу кезеңінде білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жоспарлауға негіз болды.




