Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты орындау рәсімі өтті.

04.06.2026

🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Новорыбинка ауылының «Жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты орындау рәсімі өтті.

👥 Іс-шараға «Жайдары» мектеп жанындағы алаң тәрбиеленушілері, педагогтер және мектеп әкімшілігі қатысты.

🎶 Әнұранды орындау – еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтің, бірлік пен отансүйгіштіктің жарқын көрінісі болды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын зор мақтанышпен орындап, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін білдірді.

🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихы, абыройы мен мақтанышы!

Просмотров: 4329


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу