☀️

04.06.2026

☀️🏃‍♂️🏃‍♀️ «Жайдары» мектеп жанындағы алаң. Төртінші күн 🌈

«Жайдары» мектеп жанындағы алаңның төртінші күні белсенді, көңілді әрі танымдық іс-шараларға толы өтті! 😊

Таңертең дәстүр бойынша сергіту жаттығуынан басталды 💪. Ол балаларға сергектік сыйлап, күні бойы көтеріңкі көңіл күйде болуға мүмкіндік берді. 🌞

Кейін тәрбиеленушілер қызықты квест-ойынға қатысты 🌍🗺️. Әр бекет жеке бір мемлекетті таныстырып, балалар түрлі тапсырмаларды орындады. Олар тапқырлықтарын, ептіліктерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. 🤝✨

Танымдық саяхаттан кейін балаларды спорттық сағат күтіп тұрды ⚽🏀🏃‍♀️. Балалар спорттық ойындар мен эстафеталарға белсене қатысып, денсаулықтарын нығайтып, дене шынықтыру дағдыларын дамытты. 🏅

Күн жарқын әсерлерге толы болып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас сәттер сыйлады! 😃🎉🌟

Просмотров: 4312


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу