11-сынып оқушыларына аттестат тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті

18.06.2026

КММ «Новорыбинка ауылының жалпы білім беретін мектебінде» 🎓 11-сынып оқушыларына аттестат тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті 🎉.

Бұл маңызды күні түлектер көп жылғы мектептегі оқу еңбегінің қорытындысы болып табылатын жалпы орта білім туралы аттестаттарын алды 📘🏫.

Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және шақырылған қонақтар түлектерді құттықтап, ізгі тілектерін білдірді 🎤💐. Түлектерге болашақ өмір жолын дұрыс таңдап, алға қойған мақсаттарына жетуге, жаңа белестерді бағындыруға және толағай табыстарға жетуге арналған жүрекжарды ақ тілектер айтылды 🌟🚀.

Салтанатты шара жылы лебіздерге, ұстаздар мен ата-аналарға деген шынайы алғыс сөздерге толы болды 🤝. Түлектер мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәрбиесі үшін ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, ата-аналарына көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыстарын жеткізді ❤️.

Просмотров: 4345


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу