Текст
Ұйымдар тізімі
04.09.2026
Новорыбинка жалпы орта білім беретін мектебінде Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Биылғы іс-шара «Әлихан Бөкейханов – мемлекет қайраткері» тақырыбында ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушыларға Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін таныстыру, ұлт тарихына, ана тіліне деген құрметін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
Ашылу салтанатында Әлихан Бөкейхановтың ұлт болашағы жолындағы еңбегі насихатталып, оқушылар танымдық мәліметтермен бөлісті. Тілдер онкүндігі аясында түрлі танымдық, шығармашылық және зияткерлік іс-шаралар өткізу жоспарланды.
Тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын! Қазақ тілі мен әдебиеті Адебиет Г.




