Ұйымдар тізімі
07.09.2026
7 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар аясында «Тілдер әлемінде» атты қызықты квест-ойын өткізілді.
Қатысушылар алты тақырыптық бекеттен тұратын бағыт бойынша өтіп, әр бекетте тіл, мәдениет, әдебиет және білімге байланысты қызықты тапсырмаларды орындады.
Квест достық, ынтымақтастық және көтеріңкі көңіл күй жағдайында өтті. Оқушылар топпен белсенді жұмыс жасап, бір-біріне қолдау көрсетті, тапқырлық танытып, берілген тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады.
Осындай іс-шаралар оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, тілдің адамдарды біріктіретінін, бір-бірінің мәдениеті мен салт-дәстүрін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін ұғындырады. Сондай-ақ тіл – көпұлтты Қазақстанымыздың бірлігі мен татулығының маңызды құндылығы екенін сезінуге ықпал етеді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жаңа ізденістер, мол білім және толағай жеңістер тілейміз!




