Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Үш ай каникулда балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың дені өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге баратыны белгілі. Бүгін біз демалыстың көркі — лагерь екенін тағы да айтуды жөн көрдік. Біздің мектепалды «Жайдары» лагері ІІ сезонмен ұйымдастырылды. Лагерде бастауыш сынып ұстаздары және қазақ тілі мен ағылшын тілі, денешынықтыру, вожатыйлар атсалысты.
Балалар үшін жазғы демалыстың орны қандай ерек екені баршамызға мәлім. Ал осы демалысты пайдалы әрі қызықты ету – жазғы сауықтыру лагері тәрбиешілерінің қаперінде. Осындай маңызды әрі жауапты жұмыс кезеңі біздің мектебімізде де 1 маусым күні – балаларды қорғау күнімен басталып кетті. Лагердің атауы 1 және 4 сынып оқушыларымен бірлесе отырып шешіп, «Жайдары» деп ұйғарылды. Тәрбиешілер лагердің әр күнін қызықты етіп ойластырып, жаз уақытында балаларлың тек қана демалып қана қоймай, жан жақты дамып, денсаулықтарын молайтып, білімдері мен біліктіліктерін де арттыруды мақсат еткен.
Балалар 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған салтанатты концерке қатысып, әртүрлі ойындар ойнау барысында тәттілер мен базарлықтарды қабыл алды. Әр күн сайын балалар тәрбиешілердің дайындаған тосын сыйлардың куәсі болып қызықты, спорттық ойындарға, іс-шараларға белсене қатысты.
4 маусым күні «Мемлекеттік символдар күніне» орай ұйымдастырылған мерекелік шараларға аса қызығушылық танытты.
Тіл үйірер тәтті дәрумендермен толықтырылған ас мәзірі балалар көңілінен шығуда. Лагер кезінде дәмді ас дайындаған Подгайная С. В., Социховская Н.В.
Демалысты көңілді, қызықты, мағыналы өткізуде лагерь тәрбиешілерінің жан-жақты ұйымдастырған саяхаты балаларға ерекше әсер қалдыруда.
Әр күн ерекше бағыт алып, балалар Денсаулық күні, Күлкі күні, Шығармашылық істер күні сияқты бағдарламалармен қамтылды. Сонымен қатар балалар ойын-сауыққа ғана назар салмай, білімдерін де кеңейтті.Тәрбиешілер ұйымдастырылған суреттер сайыстарына да белесен қатысып, өз өнерлерін көрсеткен балалар мадақтамалармен марапатталды. Лагердің жабылу салтанатын балалар табиғат аясындағы Демалыс үйіне шығып, керемет әсер мен есте қаларлық қуанышқа бөленді.