06.11.2019
Абайлаңыздар жұқа мұз!
Жылдың суық мезгілінде көлдерде және басқа да суайдындарында қауіпті. Ешбір жағдайда түнгі уақытта және қар, жаңбыр жауып, тұман болғанда мұз үстіне шығуға болмайды. Әрқашан мұз үстіне шықпас бұрын алдын-ала қауіпсіз жерлерді белгілей келе, жүріп өтетін жолдарды анықтаған абзал. Қауіпсіздік шараларын жан-жақты ойластыру және жіті бақылау қажет болады.
Мұз қалыңдығын өлшеу үшін оны ауырлау бір таяқапен ұрып көру арқылы тексеруге болады. Егерде алғашқы соққыдан кейін аз да болса мұз астынан су көрінсе,онда ол мұздың қалыңдығы үстінен жүріп өтуге жарамсыз болып есептелінеді.Мұндай жағдайда дер кезінде өзіңіз келген жолмен кері қарай қайтқан абзал. Аяқтарыңызды мұздан алмастан, кеңінен жайып артқа қарай бағыттау қажет. Өз кезегінде дененің ауырлық салмағы тең дәрежеде бөлінеді.
Мұз үстінде сырғанақ тебу үшін оның қалыңдығы кем дегенде 25-30 см болуы қажет. Мұз айдыны шаңғышылар үшін қоршалған, жарықпен қамтамасыз етілген және де құтқару құралдарымен жабдықталған болуы қажет.
Мұзда жүргенде әрдайым қауіпсіздік шараларының қатаң сақтаңыздар! Өз өміріңізді қауіпке тікпеңіз!