03.11.2020
«Құстарды тамақтандыру» экологиялық акциясы басталды. Бастауыш сынып оқушылары жаңа жем салғыштар дайындады, қыстайтын құстарға жем: тұқым, тары, дәндер салды. Көктем келгенше, балалар қауырсынды достарын үнемі тамақтандырады.
Сынып сағаты кезінде оқушылар біздің аймақта қыста қандай құстар қалады, құстарды қалай тамақтандыру керек, ағаштардағы қоректендіргіштерді қалай дұрыс бекіту керек туралы естеріне түсіріп қайталады.. Мұндай іс-шараларды өткізу қыстайтын құстарға суық мезгілде аман қалуға, сонымен қатар қарапайым және сирек кездесетін құстардың түрлерін сақтауға көмектеседі.