"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы.

11.04.2025

        2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Ақмола облысында басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  Учаскелік инспектор М.Е.Телгаринов мектебіміздің оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді.Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және  білім беру ұйымдарының оқушылары  арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын алу.Шара барысында алкоголь мен темекі шегудің алдын алуға баса назар аударылды. Оқушылардың назарына кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуына қатаң тыйым салынды.

      Сондай-ақ жасөспірімдерге тіркелмеген мопедтерді пайдалану және тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз мотоциклді басқаруға тыйым салынатыны түсіндірілді. Учаскелік инспектор «Бұзақылық», «Кибербуллинг» сынды тақырыптарға баса назар аударып, балаларға дроппердің кім екенін, алаяқтардан қалай қорғану керектігін тағы бір мәрте еске салды. «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтың санын азайтуға және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған.

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст