Текст
21 ақпан күні Новорыбин орта мектебінде «Мың бала » жобасының ашылу салтанатты жиыны өтті.
Жобаның негізгі мақсаты оқушылардың мемлекеттік
тілге деген құрметін дамыту, оқушы бойындағы жеке қабілетін дамыту арқылы
шығармашылық ізденіске баулу,оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, уақытын
тиімді пайдалануын қадағалау арқылы қызығушылығын ояту,оқушылардың әлеуметтік
жағдайын, қарым- қатынасын зерттеу арқылы қолайлы орта қалыптастыру болып
табылады.Оқушылар өздерінің білетін әртүрлі жанрдағы өлең, тақпақ ,
мақал-мәтелдерін және қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді.