Текст
10 желтоқсанда 5-7 сынып оқушылары арасында "Көңілді старттар" спорттық эстафетасы өтті. Сабақ балаларды салауатты және белсенді өмір салтына баулуға, дене тәрбиесіне деген қызығушылықты арттыруға, ұжымшылдық, серіктестік сезімдерін тәрбиелеуге, өзара көмек көрсетуге бағытталған. Іс – шара соңында қорытынды жасалып, 1 орын – 6 "б" сынып, 2 орын – 6 "А" сынып, 3 орын-7 "б" сынып иеленді. Балалар үлкен ықыласпен және ынтамен эстафетаға қатысты, барлық жарыстар өтті, өздерін мықты, епті және жылдам көрсете білді.