Оқу жылының басталуына арналған жалпы мектепішілік салтанатты жиын өтті!

01.09.2026

🎓 1 ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ! 📚✨

🏫 «Новорыбинка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жаңа оқу жылының басталуына арналған жалпы мектепішілік салтанатты жиын өтті! 🌸

🎤 Мектеп директоры А. Хажат оқушыларды, ұстаздар мен қонақтарды құттықтап, баршаға сәтті оқу жылын, жаңа білім, толағай жетістіктер мен жарқын оқиғалар тіледі! 🌟

👧🧒 Мерекенің ерекше сәнін келтірген бірінші сынып оқушыларының өнері болды! 💐 Олар үшін бұл күн өмірлеріндегі жаңа әрі маңызды кезеңнің — мектеп жолының бастауы болды! 📖🎒

🎉 11-сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтап, оларға жақсы баға, адал достар және ұмытылмас мектеп жылдарын тіледі! 🤗📚

🇰🇿 Алғашқы оқу күні аясында:
«Қазақстан Республикасының Конституциясы — адал азаматты, зияткер ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

 
 
Просмотров: 836


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу