"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мектептің Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды және барлық мүдделі азаматтарды кандидаттарды іріктеуге қатысуға шақырады.

18.09.2026

"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мектептің Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды және барлық мүдделі азаматтарды кандидаттарды іріктеуге қатысуға шақырады.

Қамқоршылық кеңес – мектептің дамуына ықпал ететін және оның қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын алқалы басқару органы. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қызметі ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Қамқоршылық кеңесінің сандық құрамы – 9 адам.

Қамқоршылық кеңесінің құрамына төмендегі тұлғалар кіре алады:

білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері;
педагогикалық еңбек ардагерлері;
жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар;
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері.
Кандидаттар төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

1. Еркін нысанда жазылған өтініш.

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3. Қазақ немесе орыс тіліндегі түйіндеме (резюме).

4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі – болған жағдайда.

5. Соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

6. Кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер – болған жағдайда.

Ата-аналар қауымдастығынан ұсынылатын кандидаттар білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жалпы жиналысында іріктеу нәтижелері бойынша ұсынылады.

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Құжаттарды Қамқоршылық кеңесті сайлау жөніндегі комиссияға мына мекенжай бойынша жолдау қажет:

Новорыбинка ауылы, Стрельцова көшесі, 8.

Кандидаттарды іріктеу барысында олардың білімі, кәсіби білімі мен біліктілігі, қоғамдық қызметтегі тәжірибесі және іскерлік беделі ескеріледі.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы».

Просмотров: 81


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст